
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатында нағыз ертегі жазылып жатыр. Турнир дебютанты алпауыттардан ұпай тартып алуды жалғастыруда.
H тобындағы соңғы матчтардың нәтижесі:
Кабо-Верде 2:2 Уругвай
Кевин Пина мен Элиу Вареланың голдары африкалықтарға тарихи ұпай сыйлады. Уругвай сапынан Араухо мен Каноббио көзге түсті.
Испания 4:0 Сауд Арабиясы
«Қызыл фурия« қарсыласын ірі есеппен жеңіп, топта көш бастады.
2-турдан кейінгі турнирлік кесте:
- Испания — 4 ұпай
- Уругвай — 2 ұпай
- Кабо-Верде — 2 ұпай
- Сауд Арабиясы — 1 ұпай
Еске салайық, 1-турда Кабо-Верде Испаниямен де 0:0 ойнаған болатын.
Дереккөз: 24kz


