Қазіргі таңда тұрғындарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Сарыағаш қаласындағы «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зейнеткер ардагерлер құқықтық кеңес алып, әлеуметтік қолдау тетіктерімен танысып, психологиялық көмек пен жұмыспен қамту мәселелері бойынша мамандардан тегін кеңес ала алады.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Мейірхан Бақытжанұлы,




