Біріккен Араб Әмірліктерінде енді 15 жасқа дейінгі бала жеке парақша аша алмайды

Біріккен Араб Әмірліктері жасөспірімдерге тәртіпті қатайтып, әлеуметтік желіні ішінара шектеді. 15 жасқа дейінгі бала жеке парақша аша алмайды.

Толық тыйым салған елдер:

  • Австралия (16 жас) — әлемде бірінші болып 16 жасқа дейінгілерге желіні мүлдем жауып тастады.
  • Индонезия мен Малайзия (16 жас) — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алғашқы елдер. Балалардың аккаунттары жаппай бұғатталады.
  • Қытай (Арнайы режим) — 14 жасқа дейінгі балаларға желіде күніне тек 40 минут қана рұқсат және түнгі уақытта мүлдем істемейді.

Жаңа заң қабылдаған және дайындап жатқан елдер:

  • Ұлыбритания мен Канада (16 жас) — 16 жасқа толмағандарға тыйым салатын заң жобаларын бекітті.
  • Түркия мен Франция (15 жас) — 15 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының рұқсатынсыз желіге тіркелуге заңмен шектеу қойды.
  • Испания, Норвегия, Швеция — 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге тыйым салуды қызу талқылап жатыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар