Қырғызстанда балаларға әкесі мен шешесінің фамилиясы қатар берілуі мүмкін

Фото: Ғаламтор желісінен

Қырғызстанда парламент депутаттары «Азаматтық хал актілері» туралы заңға балаларға қосарланған фамилия беруге рұқсат етуге қатысты өзгертулер енгізу жөнінде бастама көтерді.

Қырғыз басылымдарының айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша балаға ата-анасының бірінің тегі өзара келісім бойынша беріледі. Қосарланған фамилияға рұқсат жоқ. Ал депутаттардың ұсынысы қолдау тапқан жағдайда бала әкесі мен анасының тегін қатар ала алады. Бұл ретте фамилиялар дефис арқылы жалғанады және оның реттілігін ата-ана өзі таңдай алады. Яғни әкесінің тегі бірінші тұра ма, әлде анасының тегі алға шыға ма – оны ата-ана өзі шешеді.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp