Сарыағаш ауданында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен 2013-2014 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында бокстан ауданның ашық біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық шараға ауданның жас былғары қолғап шеберлері мен көршілес Өзбекстан Республикасынан келген спортшылар қатысып, жарыстың көркін қыздырды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас





