
Израильдің Ливанға қарсы ықтимал әскери әрекеті АҚШ пен Иран арасындағы келісімге әсер етпейді.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп «Үлкен жетілік» саммиті барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ливандағы жағдай Тегеранмен арадағы уағдаластықтардың орындалуына кедергі болмайды. Соған қарамастан Ақ үй басшысы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Бейрутқа қатысты шешімдерде жауапкершілік танытуға шақырды.
Дереккөз: 24kz


