«Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге дейін алғашқы жолаушыларды қабылдауы тиіс»

Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге дейін алғашқы жолаушыларды қабылдауы тиіс: Олжас Бектенов әкімдерге нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылауда ұстауды тапсырды.

Үкімет отырысында теміржол саласы мен инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды.

«Маңызды мәселенің бірі – теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын уақтылы аяқтау.Мұны әлеуметтік жоба деп айтуға болады, өйткені ол жолаушылар инфрақұрылымын жақсартуға, халыққа жайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданды. Әкімдер нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылап, бекітілген кесте мен жұмыс сапасын қамтамасыз етуі керек. Туындаған мәселелер бірден шешімін табуы тиіс. Мердігер ұйымдармен бірге нысандардағы жұмыс күші мен техникалық құралдарды көбейтуді қолға алыңыздар», — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов:

Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге қарай алғашқы жолаушыларды қабылдауын қамтамасыз етуді;

Астана, Алматы және Түркістанның тарихи вокзалдарындағы реставрациялау жұмыстарынан басқа, қалған вокзалдар бойынша жұмыстар 1 қазанға қарай аяқталуды тапсырды.

Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp