Джеки Чанның «Доспехи Бога» фильмі Маңғыстауда түсіріледі

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Сол кезде оның “Доспехи Бога 4” фильмін түсіретін орын іздеп жүргені айтылған. Ол түсірілім орнына Маңғыстау облысын таңдаған.

Туындының алғашқы көріністері 7-12 маусым аралығында өңірдің басты туристік нысандарының бірі – Бозжыра шатқалында түсірілген.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бұл аумақта 35 адамнан тұратын түсірілім тобы жұмыс істеген. Ал Джеки Чанның өзі елге шілде айында келеді екен.

Айта кетейік, бұл жобаға қазақстандық актер Рүстем Омаров та актер әрі сценарист ретінде қосылған.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp