Қазақстанда үшінші ұлттық валюта пайда болды

Фото: ЖИ

Қазақстанда цифрлық теңге ресми түрде ұлттық валютаның үшінші түрі ретінде бекітілді. Ол қолма-қол және қолма-қол емес ақшамен қатар қолданылатын болады.

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, цифрлық теңгеге арналған құқықтық база дайындалып, ел экономикасына кеңінен енгізу жоспары бекітілген.

Өткен жылы Ұлттық банкпен бірге 20-ға жуық пилоттық жоба іске қосылып, оң нәтиже берген. Енді цифрлық теңге кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен бюджеттік жобаларда, кейін Үкімет анықтайтын басқа да негізгі салаларда қолданылады.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp