
Оған қоса Ливанда атысты тоқтату туралы уағдаластық жасалғанын айтты. Ал Трамп Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қайта жанданатынын және Иранға қарсы теңіз блокадасының тоқтатылатынын жария етті.
Енді Женевада мәмілеге қол қойылады. Президент Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты пікір білдірді.
«Осы маңызды кезеңде батылдық пен стратегиялық көзқарас танытқан АҚШ президенті Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам республикасы басшылығының сындарлы ұстанымын құптаймыз», – деді Тоқаев.
Дереккөз: t.me/stankznews


