
Алматыдағы жол апаты бойынша сотта Zeekr жүргізушісі көзіне жас алды. Сотталушы Александр Пак кешірім сұрап, жазадан қашпайтынын айтты. Ол кінәсін толық мойындады.
Сотталушы үш отбасыға зиян келтіріп, өзінің өмірін құртқанын айтты. Ол шартты жазаны құптамайтынын, лайық жазасын алуға дайын екенін жеткізді. Оған қоса жәбірленуші тараптың БАҚ қысымына ұшырағанын қаламаймын дейді.
Сотталушы жол апаты болар алдында достарымен жиналғанын және шотты өзі жапқанын мойындады. Одан бөлек, ол тәжірибелі жүргізуші екенін, 14 жылда ешқандай жол апатына түспегенін айтты.
Алайда оның жол ережелерін бұзғаны анықталды. Оның ішінде:
- 2025 жылы 12 сәуір — жол белгілерін сақтамау;
- 2025 жылы 14 сәуір — көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзу;
- 2025 жылы 28 сәуір — жылдамдық шегінен асып кету;
- 2025 жылы 26 тамыз — алкогольдік ішімдіктерді ішу және мас күйінде қоғамдық орындарға келу;
- 2025 жылы 7 қараша — жылдамдық шегінен асып кету.
Дереккөз: t.me/stankznews


