“Мұқатай” бөбекжай балабақшасында балалық шақтың бал дәуренімен қоштасып, үлкен өмірдің алғашқы баспалдағына қадам басқан бүлдіршіндер үшін салтанатты кеш ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне арналған шара «Бала шақтан – болашаққа» деген атаумен өтті. Мерекелік жиында балдырғандар балабақша қабырғасында үйренген өнерлері мен қабілеттерін ата-аналары мен ұстаздарына паш етті.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек





