
Нұрдәулет Машариповтың денесі елдің оңтүстігіндегі Бриатико қаласындағы жағалаудағы жартастардың арасынан табылды. Жігіт Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі.
Ал Италияда университетте оқыған. Марқұмның қазасын Дінмұхамед Мұхтаров желіде хабарлады. Оның сөзінше, Нұрдәулет суға батып кеткен.
Қазір отбасы оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаржы жинап жатыр. Жалпы құны – 8000 еуро (4,5 миллион теңге) екен. Марқұмның ұялы телефоны, сөмке мен киімі тастардың арасынан табылды. Қазір Қазақстан елшілігі мен Италия билігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


