Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Заң қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасауды көздейді. Рақымшылық ауыр емес қылмыс жасағандарға және келтірілген залалды толық өтеген орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандарға қолданылады. Сотталғандардың бір бөлігінің өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады.

Алайда сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм қылмыстары үшін сотталғандар, зорлық-зомбылық жасағандар, сталкерлер, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендер, азаптау, кісі өлтіру және мемлекетке опасыздық жасау баптары бойынша сотталғандар рақымшылыққа ілікпейді.

Оған қоса тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізіледі. Оның аясында азаматтар, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар және заң кеңесшілері орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босатылады. Енді заңға президент қол қоюы тиіс.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар

Қоғам