Джунглиде жоғалған бала 2 аптадан кейін тірі табылды

Бала 18 мамыр күні Аньхуа ауылының маңындағы таулы орманда жоғалып кеткен. Келесі күні оны іздеуге жергілікті билік өкілдері жұмылдырылды. Алайда баланы тек 30 мамырда ғана табу мүмкін болды.

Оған дейін дәрілік шөп жинаушы джунгли ішінен баланың киімдерін тауып, бұл туралы полицияға хабарлаған. Көрсетілген жерге іздестіру тобы мен қызметтік ит жіберіліп, нәтижесінде бала табылды.

Ол орманда жүрген уақытта қатты арықтап кеткен және денесінде бірнеше сызат болған. Соған қарамастан, жалпы денсаулығы жақсы күйде болған.

Белгілі болғандай, бала жабайы інжір ағаштарының жемістерімен қоректеніп, жаңбыр суын ішіп күн көрген. Медициналық тексеруден кейін ол ата-анасына қайтарылды.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/773409-dzunglide-zogalgan-bala-2-aptadan-kejin-tiri-tabyldy

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар