
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қазақстандықтардың зейнетақысын индекстеу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
“Зейнетақы төлемдері инфляцияның орташа болжамды деңгейіне негізделген әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі”, – деді Виктория Шегай.
Сонымен қатар ол кей жағдайларда зейнетақыны қосымша индекстеу туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін айтты.
“Қосымша индекстеу тек белгілі бір кезеңдерде және мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылады. Қазір мұндай мәселе қаралып жатқан жоқ”, – деді вице-министр.
Дереккөз: t.me/stankznews


