Зеленский Путинге ашық хат жариялады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Зеленскийдің айтуынша, кездесу Түркияда, Швейцарияда немесе араб елдерінің бірінде өтуі мүмкін. Ол Ресей мен Украина арасындағы қазіргі қарым-қатынасты ескере отырып, «өзінің Мәскеуде де, Путиннің Киевте де шаруасы жоқ» екенін айтты.

Сондай-ақ Зеленский АҚШ-ты негізгі келіссөз алаңы ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, соғыс Еуропада жүріп жатқандықтан, келіссөздерге еуропалық мемлекеттер қатысуы тиіс. Дегенмен Вашингтонның қатысуын да толық жоққа шығармады.

Украина басшысы келіссөздер басталар алдында толық атысты тоқтатуды және әскери тұтқындарды «бәрін бәріне» қағидаты бойынша алмастыруды ұсынды.

Хатта Зеленский Ресейде революция болуы мүмкін екенін де меңзеп өтті. Сонымен қатар ол Ресей армиясының шығыны Украинадан көп екенін айтып, Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанды «Украинаға қарсы шыққандардың соңы немен аяқталатынының мысалы» ретінде келтірді.

Бұдан бөлек, Зеленский қазіргі таңда АҚШ-тың назары Таяу Шығыстағы оқиғаларға ауып кеткенін, сондықтан Вашингтон Украина мәселесіне бұрынғыдай терең араласа алмай отырғанын айтты.

Дереккөз: ult.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp