
4 маусымнан бастап банк аралық қарыздар бойынша несие беру шарттарын өзгертеді. Енді бұрынғы бірнеше мөлшерлеменің орнына бірыңғай 8,5% жылдық мөлшерлеме енгізіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9-9,6% аралығында болады. 8,5% мөлшерлеме мына бағыттарға қолданылады:
- бастапқы тұрғын үй сатып алу;
- қайталама нарықтан баспана алу;
- жеке үй салу;
- жер телімін сатып алу;
- тұрғын үйді жөндеу және жаңғырту;
- «Өз үйім» бағдарламасы;
- кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
«Әскери баспана» бағдарламасы. Аралық қарыз – тұрғын үй құнының кемінде 50%-ын жинаған, бірақ тұрғын үй заемын алу үшін қажет 16 бағалау көрсеткішіне (БК) әлі жетпеген салымшыларға арналған ипотекалық өнім.
Дереккөз: t.me/stankznews


