
Ал бүгін дәл осы сөздің авторы депутат Азат Перуашов бұған дейін айтқан «штрафстан» деген сөзінен бас тартты. Депутат Қазақстанды «Штрафстан» деп атау дұрыс емес екенін мойындапты.
«Парламент депутаттары сөзін мұқият әрі салмақтап айтуы тиіс. Бұл сөзді бір жыл бұрын айттым. Кеше президент мені ғана емес, басқа да азаматтарды сынға алды. Бұл жұмыс, бұл өмір. Біз президенттің сынын қабылдап, одан сабақ алып, әрі қарай жұмыс істеуіміз керек», – деді депутат.
Қазір Азат Перуашев Қазақстанды «Айыппұлстан» деп атауға болмайды деп есептейді.
Дереккөз: t.me/stankznews


