Сарыағаш қаласындағы «Тұран-555» зияткерлік білім беру мектебінде «Тұран кубогы – 2026» білім сайысы жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысының бірқатар аудандарынан және Сарыағаш ауданының барлық аймақтарынан келген дарынды оқушылар өз білімдерін сынады. Жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған сайыс жас таланттардың басын қосқан үлкен білім мерекесіне айналды.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрболат Еркін





