Сарыағаш ауданында қайырымдылық пен спортты ұштастырған игі шара ұйымдастырылып, кіші футболдан аудандық турнир өтті. Қала әкімдігінің бастамасымен өткен жарыстың басты мақсаты – жалғызбасты қарт әжейге қолдау көрсетіп, оған көмек ретінде қаражат жинау болды. Ізгілікке негізделген шараға көптеген спорт сүйер қауым мен жанашыр азаматтар қатысты.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





