
Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Әділет министрі Хироши Хирагучимен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар ағымдағы жылы Токиода өтетін «Орталық Азия + Жапония» форматындағы әділет министрлерінің алғашқы кездесуіне дайындықты талқылады. Аталған іс-шара заңнаманы жетілдіру саласындағы тәжірибе алмасу, заңнамалық реформаларды талқылау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық базаны қалыптастыру үшін маңызды алаң болады деп күтілуде.
Қазақстан Елшісі жаңартылған Конституцияның ережелерін, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі бастамаларды қоса алғанда, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформалар туралы ақпарат берді.
Жапон министрі 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен Жапония Әділет министрліктері арасында қол қойылған әділет және құқық қолдану практикасы саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумның маңыздылығын атап өтті.
Cонымен қатар Х.Хирагучи Жапонияның Әділет министрлігі мен Жапонияның Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, Қазақстанмен құқықтық салада бірқатар қосымша екіжақты келісімдер жасасу мүмкіндігін қарастыратынын растады.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі


