Сарыағаш ауданындағы №67 Төлеген Тәжібаев атындағы мектепте қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжібаевқа арналған мұражай салтанатты түрде ашылды. Тағылымы мол іс-шараға алыс-жақыннан келген қонақтар, ғалымның ұрпақтары, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Бұл күн – білім ордасы үшін ғана емес, аудан жұртшылығы үшін де ерекше тарихи сәт болды.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Айдос Дәулет



