«Бар мейіріміміз балаларға»

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді. Осыған орай, Келес ауданындағы «Даму» оңалту орталығында «Бар мейіріміміз балаларға» атты тағылымды іс-шара өтті. Мерекелік кешке аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім мамандары, «Асыл қазына» және «Тең қоғам» мекемелерінің ақ жаулықты әжелері қатысып, балаларға ақ тілектерін арнады. Шара барысында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылып, ерекше қамқорлық пен мейірім көрсетілді.

Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар