
Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қазанда басталды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 630 млрд теңгені құрайтын 5 142 өтінімнен тұратын пул қалыптастырылып, 4,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 572 млрд теңге көлемінде қаржы берілді, 6,8 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды.
Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі


