
Қазақстандағы алғашқы «Балқаш» атом электр станциясының құрылысына 16,4 млрд доллар жұмсалады. Жобаның негізгі бөлігі Ресейдің экспорттық несиесі есебінен қаржыландырылады.Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған сома екі энергоблоктың тікелей құрылысына бағытталады. Сонымен қатар шамамен 2 млрд доллар физикалық қауіпсіздік жүйелері мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бөлінеді.
Дереккөз: 24kz


