«Әділет вице-министрінің қазақ тілінде сөйлемеуі әділетсіз»

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Мұны депутат Қазыбек Иса айтты. Ол мәжіліс отырысында Әділет вице-министрі Ботакөз Шаймарданқызына ескерту жасады. Депутат оған:

«Мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білесіз. Осында қаншама депутат мемлекеттік тілде сұрақ қойды. Бірақ сіз қазақ тілінде жауап бермедіңіз. Әділет министрлігінің өкілі қазақша сөйлемеуі әділетсіз» деп ескертті.

Оған қоса ол министрліктен келесі жолы мемлекеттік тілде сөйлей алатын адам жіберуді сұрады.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар