
Балық шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және саланы қаржыландыру мәселелері Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық еткен кеңесте қаралды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ QR-кодтау арқылы балық аулау торларын бақылау жүйесін енгізуді қоса алғанда, балық шаруашылығы саласын цифрландыру шаралары туралы баяндады.
2026–2030 жылдарға арналған кезеңге жалпы инвестиция көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.
Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде балық өсіру көлемін қосымша 14 мың тоннаға, өңдеу көлемін 10 мың тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ жылына 30 мың тоннаға дейін жем өндіруді жолға қоюға мүмкіндік туады.
Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі


