
Turan LTD ЖК есебіне сәйкес, көлік 62,6 миллион теңгеге бағаланған. Десе де ол нарықтық құнынан 35,8 миллион теңге төмен бағада сатылды. Rolls-Royce Ghost Family – 2013 жылы шығарылған.
Есепте көлік 007VIP07 мемлекеттік нөмірімен тіркелген.
Айта кетейік, 2023 жылы Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, рейдерлікпен айналысқаны үшін Кипрде ұсталған еді.
Қоспаев пен қылмыстық тобы ұзақ жылдар бойы заңсыз жолмен 133 жылжымайтын мүлік, 11 жер учаскесі, 35 премиум автокөлік және 9 миллион доллар қолма-қол ақша алған. Болат Назарбаевтың сенімді серігі ретінде танылған Қоспаев былтыр 15 жылға сотталып кете барды.
Дереккөз: t.me/stankznews


