
Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуда жастардың рөлі ерекше. Заманауи білім мен тың көзқарасқа ие жас мамандар — ел дамуының маңызды қозғаушы күші. Сондықтан мемлекет тарапынан жастарды мемлекеттік қызметке тартуға ерекше көңіл бөлінуде.
Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған оң өзгерістердің бірі — мемлекеттік грантпен жоғары оқу орнын үздік аяқтаған түлектерге (GPA 3.33-тен жоғары) аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігінің берілуі.
Бұл бастама:
1. Жастарға жаңа мүмкіндік береді;
2. Өңірлердегі кадрлық әлеуетті күшейтеді;
3. Ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығын азайтады;
4. Мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ықпал етеді.
Қазіргі таңда Түркістан облысында осы мүмкіндік арқылы 76 жас маман мемлекеттік қызметке қабылданып, өз білімдері мен қабілеттерін ел игілігі жолында тиімді пайдаланып келеді.
Жастардың мемлекеттік қызметке келуі — кәсіби, жауапты әрі заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды қадамы. Бұл — ел болашағына салынған инвестиция.
Егер сіз жоғары оқу орнын үздік аяқтаған түлек болсаңыз — мемлекеттік қызметте өз орныңызды табуға мүмкіндік бар!
Еліңізге қызмет ету — үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе.
Ержан Нағызханұлы Қарымсақов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы





