Қазақстан Израильмен инновациялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің оңтүстігіне сапары аясында Эйлат қаласы мен бүкіл өңірдегі бірқатар озық, инновациялық және инфрақұрылымдық компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Теңіз шаруашылығы ұлттық орталығына сапар барысында Қазақстан Елшісі балық пен теңіз балдырларын өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ орталықтың ғылыми-зерттеу және әзірлеме жұмыстары және қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық перспективаларымен танысты.

Эйлат қаласының портына сапар және оның бас директоры Гидеон Голбармен кездесу өңір үшін аса маңызды бұл кәсіпорынның әлеуетін бағалауға, сондай-ақ Қазақстан мен Израиль арасындағы сауданы кеңейту үшін баламалы бағыттарды қалыптастыру тұрғысынан ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге мүмкіндік берді.

«Airengy» және «Advance IP Ltd» сияқты энергетика мен жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы саласында баламалы технологияларды дамытатын екі инновациялық компанияға бару үлкен қызығушылық тудырды.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар