
Қазақстан ТМД елдері ішінде соғыс ардагерлеріне ең жоғары төлем тағайындамақ. Жеңіс күніне орай 5 миллион теңгеге дейін берілетін біржолғы көмек көлемі өзге елдерден бірнеше есе асып түседі.
2026 жылы Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне орай ең жоғары біржолғы төлемдердің бірін тағайындамақ. Елде бұл көмек көлемі шамамен 5 миллион теңгеге жетіп, Украина мен Беларусьтағы төлемдерден бірнеше есе асып түседі.
Салыстырмалы түрде алғанда, Украинада ардагерлерге берілетін көмек 11 мыңнан 60,5 мың теңгеге дейін ғана болса, Беларусьта осы көрсеткіш 715-825 мың теңге аралығында. Ал Өзбекстанда төлем көлемі Қазақстанға жуық шамамен 4,4-4,5 миллион теңге.
Ресейде базалық төлем әлдеқайда төмен шамамен 55 мың теңге. Дегенмен өңірлік үстемақыларды қосқанда, сома 440 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Дереккөз: stan.kz


