
Boeing 767 ұшағы көше шамының бағанын қағып, әуежай маңымен өтіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған. Associated Press агенттігінің мәліметінше, бортта 221 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Венециядан Ньюаркқа (Нью-Джерси штаты) бағыт алған. Жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір ол шығарылды. Басқа зардап шеккендер жоқ.
Дереккөз: Sputnik Казахстан


