
Трамптың сөзінше, бірнеше ел бұғазда тұрып қалған кемелерін өткізуге көмек сұраған. АҚШ президенті сол үшін операция бастамақ ниетте екен.
“Project Freedom” (бостандық жобасы) операциясы бүгін таңертең Таяу Шығыс уақыты бойынша басталатыны айтылған. Алайда бұл ақпарат ресми расталған жоқ.
Трамп кедергі болған жағдайда АҚШ күш қолданатынын ескертті. CENTCOM дерегінше, операцияға эсминецтер, әскери ұшақтар және шамамен 15 мың әскери қызметкер жұмылдырылады.
Дереккөз: t.me/stankznews


