АҚШ Ормуз бойынша коалиция құрады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ Ормуз бұғазы бойынша жаңа халықаралық коалиция құруға ниетті.

The Wall Street Journal басылымының дерегіне қарағанда, Вашингтон елшіліктерге арнайы тапсырма берген.Яғни, дипломаттар басқа елдердің үкіметін коалицияға қосылуға үгіттеуге тиіс. Одақ құрудағы басты мақсат – ақпарат алмасу, дипломатиялық іс-қимылды үйлестіру және санкцияның орындалуын қадағалау. Ормуз бұғазы бойынша коалиция құруға Президент Трамп осыған дейін де бастамашы болды. Ақ үй басшысы су жолының қауіпсіздігін өткел арқылы мұнай импорттайтын елдердің өздері қамтамасыз етуге тиіс деген еді. Алайда оның бұл ойы ол кезде іске аспады.

Дереккөз: 24.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар