Сарыағаштың жас спортшылары тағы да ел мерейін үстем етті. Ташкент қаласында өткен «Джет кун до» жекпе-жек өнерінен Азия чемпионатында аудан намысын қорғаған өрендер жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, туған өлкенің абыройын асқақтатты. Аудан әкімі Арман Айдарұлы жас спортшыларды қабылдап, салтанатты түрде құттықтады.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Айдос Дәулет





