Моуринью «Реалға» оралу туралы сұраққа жауап берді

Моуринью «Реалға» оралу туралы сұраққа жауап берді

ФОТО: gettyimages.com

«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью мадридтік «Реалға» қайта оралуы туралы тараған қауесеттерге түсініктеме берді.

Португалиялық маман мұндай тақырыптарды талқылауға және өзінің болашағы туралы алып-қашпа сөздерге араласуға ниеті жоқ екенін аңғартты.

Мен мұндай сериалдарға араластырмаңыздар. Жақсы сериалдар да болады, бірақ олар тым ұзақ: бір-екі бөлімін жіберіп алсаң, оқиғаның желісінен айырыласың. Мені араластырмаңыздар, өйткені мен ондайларды көрмеймін, – деді Моуринью.

Бұған дейін Жозе Моуринью «Реал» президенті Флорентино Перестің мақсаттарының бірі екені хабарланған болатын.

Айта кетейік, Жозе Моуринью «Реалды» 2010 жылдан 2013 жылға дейін басқарды. Оның жетекшілігімен мадридтік клуб Испания чемпионатын, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp