Сарыағаш ауданы Ақ үй ауылдық клубында есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара ауыл тұрғындарына мәдениет саласындағы жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысын таныстыруға арналды. Клуб ұжымы мен қатысушылар сахнада өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін





