
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға жасалатын қатыгездікке қарсы жазаны қатаңдатуды тапсырды. Оның айтуынша, қаңғыбас иттер мәселесі – адамдардың жауапсыздығының тікелей салдары.
Үкіметке үй жануарларын дұрыс күтпегендерге әкімшілік жазаны күшейтіп, қатыгездік жасағандарға қылмыстық жауапкершілікті арттырмақ. Жануарлар панажайларын қоғамдық бақылауға алу тапсырылды. Президент қоғамды екіге бөлетін даудан гөрі, нақты әрекет қажет екенін айтты. Себебі соңғы уақытта жабайыланған иттердің шабуылынан балалар мен ересектер зардап шегіп жатыр.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


