Сарыағаш ауданында емдік қасиеті жоғары минералды және термалды суларды тиімді пайдалану арқылы сауықтыру туризмі қарқынды дамып келеді. Шипалы суымен танымал өңірге келушілер саны жыл сайын көбейіп, бұл салаға деген қызығушылық арта түсуде. Соған сәйкес жаңа нысандар ашылып, туристік инфрақұрылым жүйелі түрде кеңейтілуде. Атап айтқанда «Uzak Zhasau» санаторийі ашылып, салтанатты жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев және бірқатар ел ағалары қатысты.
Авторлар: Мефірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





