Азаматтарды еңбек тапшылығы бар өңірлерге ерікті түрде көшіру бағдарламасы аясында ауданымызда ауқымды жиын өтті. Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар “Жаңа қоныс- 2026” жәрмеңкесі шеңберінде жергілікті тұрғындарға ерікті қоныс аудару, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде ақпарат берді. 6 облыстан жалпы саны 11856 бос жұмыс орны ұсынылды.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Айдос Дәулет





