
Мұны Еңбек министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл өзгеріс әлеуметтік сақтандыру қорында анықталған заңсыздықтарды жою үшін енгізіліп отыр.
«Кейбірі бір уақытта 10 ұйымға бухгалтер болып тіркеледі. Кейін жұмыстан шығып, бәрінен бірдей төлем сұрайды. Бұл мүмкін емес жағдай. Біз осындай схемалармен күресіп жатырмыз», — деді министр. Оған қоса министрлік мына тетікті өзгертуді ұсынып отыр:
жәрдемақы мерзімін 6 айдан 4 айға қысқарту;
3 рет ұсынылған жұмыстан бас тартса – төлем тоқтатылады;
«жұмыс іздеуші» мәртебесін 3 күннен 10 күнге дейін ұзарту;
төлемнің ең жоғары мөлшеріне шектеу енгізу.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


