«Алтын белгі» төсбелгісін жасауға биыл қанша бөлінеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқу-ағарту министрлігі 8 000-нан астам «Алтын белгі» төсбелгісін шығаруға 231,3 миллион теңге төлейді.

Монета сарайы тапсырысты мамыр айының соңына дейін аяқтайды деп болжанды. Бір төсбелгінің құны – 27 695 теңге.

“Алтын белгі» төсбелгісінің бағасы соңғы үш жылда айтарлықтай өсті. 2023 жылы төсбелгінің құны 16 520 теңге болған.

Үздік оқушылар саны да өскен. 2023 жылы тек 5 500 төсбелгіге тапсырыс берілді.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp