
Еуропалық одақтың халқы 2100 жылға қарай 12 пайызға, яғни 52 миллион адамға қысқарады. Бұл – «Еуростат» болжамы. Сонда осы ғасырдың аяғында «Кәрі құрлықта» 399 миллион адам тұруы мүмкін.
Сонымен қатар ол кезде әр үшінші еуропалық жасы 65-тен асқан қария болмақ. Демографиялық дағдарысты басты себептері – бала туудың азаюы, қарт адамдардың көбеюі мен көші-қон мәселелері. Әсіресе Латвия, Литва, Польша мен Грекияның жағдай мүшкіл. Бұл елдердің халқы 30 пайызға кемиді деген теріс жорамал бар.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


