ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 30%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалуда. Мәселен, соңғы бір аптаның ішінде инфекция жұқтыру жағдайларының саны шамамен үштен бірге азайды. Сонымен қатар, сырқаттанушылардың басым бөлігі екпе алмағандар болып отыр, бұл екпенің тиімділігін дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес соңғы аптада қызылшаның 212 жағдайы тіркелген, ал оның алдындағы аптада — 302 жағдай тіркелген. Бұл сырқаттанушылықтың 30%-ға төмендегенін көрсетеді.

Ең көп сырқаттанушылық келесі өңірлерде тіркелген: Астана қаласы — 46 жағдай, Павлодар облысы — 38 жағдай, Алматы қаласы — 20 жағдай, Қарағанды облысы — 19 жағдай.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елде қызылшаның 4 240 жағдайы тіркелген, оның ішінде 76,4%-ы егілмегендер. Егілмегендердің арасында балалардың едәуір бөлігі екпеден бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер немесе екпе жасына жетпеу себептеріне байланысты вакцинацияланбаған.

Жыл басынан бері қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда 1 жастағы 69 мың бала және 6 жастағы 66,8 мың бала егілді.

Сонымен қатар, қосымша иммундау шеңберінде шамамен 1,5 млн адам, оның ішінде кіші жастағы балалар мен қауіп топтарына жататын тұлғалар екпе алды.

Сондай-ақ, толықтырушы иммундау жүргізілуде: жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі 58,2 мың бала мен жасөспірім қамтылды.

Жалпы алғанда, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда қалып отыр, ал вакцинациялау профилактиканың ең тиімді шарасы болып қала береді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp