Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі жоғары: ТЖД ескерту жасады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

17 сәуір күні Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел тұруы ықтимал.

Жауын-шашынның көп болуы, найзағай және екпінді желдің күтілуіне байланысты Медеу мен Бостандық аудандарының таулы өңірлерінде топырақ сырғыма, қар көшкіні және тас құлау қаупі күшейеді. Бұл жөнінде қалалық ТЖД мәлімдеді.

Осыған орай құтқарушылар тұрғындар мен қала қонақтарына ауа райы қалыпқа келгенге дейін, сондай-ақ жауын тоқтаған соң тағы 2–3 күн ішінде таулы аймақтарға бармауды қатаң түрде ұсынды.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp