Алматыда инвестиция ретінде ұсынылған қаржы пирамидасы әшкереленді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті «Boxy Wealth» жобасына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу мәліметінше, күдікті бір жыл бойы қалада қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған.

Жоба сайт пен мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Азаматтарға түрлі «пакеттерді» сатып алып, күн сайын 5–10% көлемінде табыс табу ұсынылған. Бұған қоса, жаңа қатысушыларды тартқандарға қосымша бонус берілген.

Қаражат дропперлердің шоттары арқылы жиналып, кейін криптовалютаға айналдырылған.

Салдарынан 78 адам 110 млн теңгеден астам қаражатынан айырылды. Күдікті қамауға алынып, сот шешімімен оның жер учаскесіне шектеу қойылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp