1-сынып оқушысын мектеп маңында көлік соғып, қаза тапты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға Атыраудағы әл-Фараби атындағы Binom мектебінің маңында болған. Қыз бала алғашқы сабағына бара жатқан. Оны жаяу жүргіншілер өткелінде минивэн қағып кеткен. Оқушы жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға басқа да ата-аналар мен оқушылардың көз алдында болған. Басқа зардап шеккендер бар-жоғы әзірге белгісіз.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp