
Ер адамның сөзінше, дәке 2023 жылы жасалған отадан соң қалып кеткен. Ол кезде науқастың мойын дискісіне протез орнатылып, жарығы алынған. Алайда бірнеше аптадан кейін жарасы қабынып, қызарып, іріңдеген. Ауырсынған соң ол жарадан дәкені өзі шығарып алған. Сол сәтті видеоға да түсіріп алыпты.
Бөгде заттың операция кезінде қалып кеткенін сараптама дәлелдеді. Сөйтіп науқастың арызымен 2024 жылы қылмыстық іс қозғалды. Бірақ кейін «құқық бұзушылық құрамы жоқ» деген негізбен іс тоқтатылған. Қайта тергеу жүргізілген, бірақ тағы да іс жабылған.
Ал дәрігерлер науқастың әртүрлі мекемеден ем алғанын, операцияда мұндай дәке қолданылмайтынын алға тартқан.
Денсаулық сақтау басқармасы бұл дәрігермен байланысты емес деп, істі түпкілікті тоқтатыпты. Ал ер адам қайта шағымданамын деп отыр.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


