ҮЛГІЛІ АУЫЛ

Түркістан облысы көлемінде 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында 1 сәуірден бастап дәстүрлі «Үлгілі ауыл» байқауды өткізіледі!
Байқаудың мақсаты:

  • ауыл экономикасының өркендеуі, елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру;
  • тұрғындардың бірлігі мен ынтымағы, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалануы мен ақсақалдардың белсенділігін арттыру;
  • «Жомарт түлек» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың, ауыл тумаларының, кәсіпкерлердің туған жерге жанашырлықпен қарауға, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге, ел экономикасын дамытуға үлес қосуға шақыру;
  • өскелең ұрпаққа өнеге тәрбие жолын көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерге бой алдырмауға үйрету;
  • қоғамда қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу.

Байқау жыл сайын, ауылдар мен кенттер арасында өткізіледі.

Байқау кезеңдері:

  • І кезең (сәуір – тамыз) – аудандық. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша жеңімпаз ІІ кезеңге жолдама алады.
    Байқауға қатысуға ұсынымдар аудандық тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық бөліміне белгіленген мерзімнен кешіктірмей, дәлелді құжаттар және ауыл туралы бейнероликті қоса отырып қабылданады.
  • ІІ кезең (қыркүйек – қараша) – облыстық. Облыстық кезең нәтижелері облыстық комиссиямен анықталады.
    Облыстық кезеңнің жұмыс органы облыстық қоғамдық даму басқармасы болып табылады, аудандық кезең жеңімпаздарының құжаттарын қабылдау мерзімі а.ж. 1 қыркүйек күні аяқталады.

Ескерте кететін нәрсе:

  • биылдан бастап байқауға аудан орталығы болып табылатын ауыл қатыстырылмайды;
  • байқауға аудан, қаладағы барлық ауылдық округтен кемінде 1 (бір) ауылы қатысуы міндетті.
  • байқаудың аудандық кезеңінің әр жеңімпазына (І-орын, ІІ-орын, ІІІ-орын иегерлері) байқау өткізілген жылдан кейінгі жылы аудандық бюджет есебінен 1 (бір) әлеуметтік нысаннан салуға арналған қаражат бөлінеді.
Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp